Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қамбаш» пансионаты жайлы не білесіз? (Видео)

24.05.2023, 10:45 383

HALYQLINE.KZ Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы 2022 жылдың қазан айынан бастап «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынын өткізіп келеді. Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан жобаға 7-10-сыныптардан іріктеліп алынған 480 оқушы қатысып жатыр. Олар жаратылыстану ғылымы саласындағы информатика (робото-техника), география, химия, физика, биология және математика пәндері бойынша тереңдетілген білім алып, олимпиадалар мен түрлі байқауларға қатысып, облыстың білім көкжиегін дамытуға өз үлесін қосуда.

«Қамбаш» пансионаты бір мезгілде 120 оқушыны қабылдайды. 7-10-сынып аралығындағы дарынды оқушылар өз жастарына сәйкес, қазан айы мен мамыр айының аралығында 10 күннен 3 мәрте келіп кетеді. Олар жатын орынмен, 5 мезгіл тамақпен, келіп-кету жолақысымен қамтылған.

«Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы жайлы төмендегі материалмен таныс болыңыздар:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: