Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тазалығы – адам тазалығы

04.04.2023, 9:15 175

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету. Қала тазалығына кері әсерін тигізіп, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастаушылардың әрекеті күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Аталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар көріліп, ескерту ұдайы жасалып келеді.

Жүргізілген рейд барысында да 4 құқықбұзушылық анықталып, 3 тұлғаға айыппұл салынса, 1 азаматқа ескерту берілді. Аталған бағыттағы заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін қала әкімдігі мен қалалық полиция басқармасы тарапынан рейд жұмыстары жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: