Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі Рамазан айының басталуымен құттықтады

23.03.2023, 22:00 475

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді бүкіл мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Мейірімділік, сыйластық, татулық пен бірлік сынды исламның басты құндылықтары салтанат құратын бұл айда баршаңызды жақсылық жасаудан жарысып, ізгі істерге мұрындық болуға шақырамын.

Төзім мен сабыр сыналатын қастерлі кезең бірлігімізді бекемдеп, бір-бірімізге деген құрметімізді арттыратынына сенемін.

Рақым айы Рамазанда ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз, құлшылық-ғибадаттарыңыз бен әрбір қайырлы амалдарыңыз қабыл болғай!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі А.Шаменов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: