Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2022, 10:45 661

Құрметті жерлестер!

Қадірлі қызылордалықтар!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі.

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бүгінде этностармен конфессия өкілдері бір шаңырақ астына тұтас ұлт ретінде бірікті. Сондықтан осы күнді тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау мен рухани дәстүрлер күні деп түсіну қажет. Көктемнің алғашқы белгісіндей болатын осынау мереке қазақ жеріндегі татулық пен бірлікті, молшылық пен Тәуелсіздікті нығайта берсін!

Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін!

Ізгі ниетпен, Қызылорда қаласының әкімі Ғ.Қазантаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: