Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Профессордың тапсырмасы

08.01.2023, 11:00 295

HALYQLINE.KZ Германияда заң университетінің профессоры барлық студенттерін емтиханнан құлатып тастайды. Емтихан тапсырмасы мынадай екен: «Бір отбасының ауласындағы алма ағашының бұтақтары көршісінің қоршауынан асып өсіп тұрады да, піскен кезде көршісі отырғызған «Алтын шырақ» атты қызғалдақ гүлдерінің үстіне құлап түсіп, олардың нәзік сабақтарын сындыра береді екен. Екі көршінің арасындағы дауды шешіңдер!», – дейді.

Оқушылардың бір бөлігі гүл өсірушінің жағына шықты, ал басқалары бағбанды қорғады. Олардың барлығы Германия заңдарын жақсы білетіндіктерін көрсетіп, барлығы да заң тілімен сөйледі және оны заңға сәйкес түсіндірді.

Ал шындығында, алма күзде піседі, ал «Алтын шырақ» аталатын гүлдер көктемде гүлдейді. Демек, профессордің тапсырмасы өмірде ешқашан болмайтыны анық.

«Мен бұл мысалды әдейі таңдадым, – деді профессор өзіне ашуланған студенттеріне, – теорияны келтірмес бұрын, оның нақты себебін іздеп, оны өмір шындығымен салыстырыңдар», – депті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: