Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

18.10.2022, 17:50 447

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай «Жастар-Тәуелсіз елдің болашағы» атты дебат турнирі өтті.

Білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруға бағытталған сайысқа 8 фракция қатысты. 

«Пікірсайыстың басты мақсаты – Республика күнінің маңыздылығын насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, білім алушылардың қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси үдерістерге қызығушылығын арттыру болып табылады. Жастардың дебат ойындарына қатысуы олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, қоғамдағы кез келген мәселеге пікір білдіре алатындай дәрежеге жеткізеді. Турнир Американдық парламенттік форматында (АПФ) өтті», – деді «АҚИҚАТ» саяси дебат клубының жетекшісі Айжан Орынбасар.

Шешендік өнер додасының нәтижесінде үздіктер анықталып, жүлдегерлер марапат төрінен көрінді. Пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанған «Dream team» фракциясына арнайы кубок табысталса, 2-орын иеленген «Smart» фракциясына диплом мен естелік сыйлықтар берілді. Ал «Үздік спикер» номинациясын Айғаным Куанышбек иеленсе, «Үздік төреші» номинациясына Сабыржан Қуандық лайық деп танылды.

Айта кетейік, университетте 2004 жылдан бастап «АҚИҚАТ» саяси дебат клубы жұмыс істейді. Университеттің барлық институттарында бөлімшелер ашылып, қазіргі таңда 70 білім алушы тіркелді. Сондай-ақ, қаладағы 20 мектепте клубтың филиалдары ашылған. Онда 200-ден астам оқушы тәрбиеленуде.

Қорқыт ата атындағы   Қызылорда

университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: