Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парламент Нұр-Сұлтанды Астанаға айналдырды

16.09.2022, 10:25 646

HALYQLINE.KZ

Бүгін бірлескен отырыста Сенат пен мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді.

Атын өзгертуге кететін қаржылық шығындарға қатысты Әділет министрлігінің басшысы Қанат Мусин қала атауы бар көшенің маңдайшалары мен белгілері шұғыл түрде өзгертілмейтінін, сондықтан қосымша шығын болмайтынын түсіндірді.

«Қаржылық шығындарға келетін болсақ, қалалық мәслихат астананың атын өзгерту мәселесін қарау кезінде қосымша шығын болмайтынын айтты. Көше атаулары мен маңдайша белгілерін шұғыл өзгертудің қажеті жоқ, барлық үдерістер жоспарланған бюджет бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар бүгінде құжат айналымы негізінен цифрлық форматта болғандықтан, қосымша шығындар болмайды», – деп түсіндірді министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: