Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орман заңнамасын сақтау бойынша жиын өтті

10.02.2023, 16:00 445

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасы талаптарының сақталуы қаралып, орман жерлерінде ұйымдастырылатын өрт оқиғаларын алдын алу шаралары пысықталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысы М.Құрманбаев орман заңнамасының сақталуы бағытындағы атқарылған шараларға тоқталып, орман шаруашылығы мекемелерінің штаттық бірліктері мен материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, орман және дала өрттерін алдын алудың бірлескен жоспарлары талқыланып, атқарылатын шаралар нақтыланды. Жиын қорытындысымен басқарма басшысы орман шаруашылығы мекемелері басшыларына аталған заңнамалардың талаптарын қатаң сақтау, орман қоры жерінде өртті болдырмаудың барлық шараларын қабылдауды тапсырды.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: