Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар зертхана жұмысымен танысты

03.10.2022, 16:40 191

«Жол ативтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ мектеп оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді. Қаладағы бірқатар білім ордасынан келген оқушылар жолшылардың жұмысымен жақынырақ танысты. Балаларды әсірісе, асфальт-бетонның сапасын анықтау процесі ерекше қызықтырды. Заманауи қондырғылармен жабдықталған зертханада мамандар оқушылармен бірге бірнеше сынма жасап, асфальттың су өткізгіштік қабілеті мен оның тығыздық коэфицентін анықтады.

Сондай-ақ, экскурссия барысында жылжымалы зертхананың да атқаратын міндеті мен оны басқаратын тетіктері көрсетілді. Жалпы ісшараның негізгі мақсаты – балаларды болашақта жолшы мамандығын таңдап, осы салада еңбек етуге насихаттау. Оқушылар жол зертханасы туралы кеңінен мағлұмат алып, осы салаға деген қызығушылығы оянды. Жастарға кәсіби бағдар беруге бағытталған осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: