Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн оқу апта соңына дейін созылды

12.12.2023, 14:40 278

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі синоптиктердің болжамы бойынша, 13-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында жылдамдығы 18-21 м/с екпінді жел, ауаның температурасы түнде -18-23 0С, облыстың солтүстігінде -26 0С аяз, күндіз -10-15 0С аяз күтілетінін хабарлады.

Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Барлық колледждердің (мемлекеттік, жекеменшік) 1, 2 курс студенттерінің 13 – 15 желтоқсан күнгі сабақтары қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: