Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ойын алаңы пайдалануға берілді

28.09.2020, 10:30 1478

HALYQLINE.KZ Қала күнінде пайдалануға берілген нысанның бірі – шаһар орталығындағы балалар ойын алаңы. Балаларға қуаныш сыйлаған спорттық алаңқай Панфилов 31 а мекенжайында орналасқан. Мұнда спорттық жаттығуға арналған құрал-жабдықтар мен футбол алаңы салынған. Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мереке аясында табысталған ойын алаңын көріп, тұрғындарды қала күнімен құттықтап, балаларға теңбіл доп сыйға тартты.

Өз кезегінде көпбалалы ана Тамаша Әбілқасымова тұрғындар атынан алғыс айтып, осындай алаң салынып, балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізетінін және өз ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы қаламызда 3 жерге стритбол және спорттық жаттығу алаңдары мен қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл нысандардың құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала бойынша 60-тан аса ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: