Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтті

07.07.2022, 16:45 102

HALYQLINE.KZ Бүгін Достық үйінде облыстық ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген кезекті Алқа мәжілісі өткізілді. Мәжіліске облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов, Шиелі, Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, облыстық ардагерлер Кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссиялардың төрағалары, ардагерлер қозғалысының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алқа мәжілісінде Ш.Байманов мемлекеттік орган өкілдері тарапынан ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетілетінін айта келіп, Алқа жиынының жұмысына сәттілік тіледі. Алқа мәжілісін жүргізушісі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев ардагерлер ұйымдарының жұмысын үйлестіру, жүйелік құрылымдарын жетілдіру мен олардың белсенділігін арттыру талаптары бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында, облыстың ардагерлер ұйымдарындағы кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті.

Атап айтқанда Алқа мүшесі Уәйіс Ержан Дүниежүзі қазақтары құрылтайының Түркиядағы өкілі болып қызмет ауыстырып, қоныс аударуына байланысты, Алқа мүшелігінен босатылып, Алқа мүшелігіне аймағымызға белгілі азамат Нұртазаев Бақыттың кандидатурасын Пленумға бекітуге ұсынылды. Сондай-ақ Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасының қайтыс болуына байланысты, Байқоңыр қаласының ардагерлері қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары болған Ирюков Аманкелдінің кандидатурасын Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалығына ұсынылғанын және Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының денсаулығына байланысты қызметінен босатылуына байланысты, аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс Пленумында аудандық ардагерлер кеңесінің орынбасары болған Мереков Асқардың кандидатурасы Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына бекітілгенін хабардар етті. Жаңадан бекітілуге ұсынылған облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссиялар жетекшілерімен таныстырып өтті. Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес ардагерлер қозғалысын дамыту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында, жергілікті ардагерлер ұйымдарының әртүрлі бағыттар бойынша атқарып отырған жұмыстарымен, танысып отыру мақсатында. күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмайыл хабарлама жасады.

Ардагерлер кеңестерінің жалпыұлттық идея рухында патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау басқа да мәселелерді шешу барысында тұрақты комиссиялардың алатын орны бар. Күн тәртібіндегі «Облыстық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссияларының мақсат-міндеттерімен таныстыру және төрағаларын бекіту» мәселесі бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы М.Баекеев хабарлама жасады. Облыстық ардагерлер ұйымында ардагерлер қатарының топтасқандығы мен бірлігін сақтау, бастауыш ардагерлер ұйымдарының жүйелік құрылымдарын жетілдіру мен олардың белсенділігін арттыру, ардагерлердің қоғамдық-саяси шараларға қатысуын қамтамасыз ету талаптары бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында, аумақтық ардагерлер ұйымдары бойынша құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлердің бастауыш ардагерлер ұйымдарына тіркелу жөнінде талдау жүргізілген болатын.

Осы талдау қорытындысымен және ардагерлердің төл баспасөзі «Ардагер айнасы» газетіне жазылу барысымен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ө.Шәменов таныстырды. Аумақтық ардагерлер ұйымдарымен тығыз байланыста болып, тыныс-тіршілігімен танысып, қажетті жағдайда әдістемелік көмек көрсетілуін қамтамасыз етіп отыру мақсатында, облыстық ардагерлер кеңесінің Алқа мүшелері аумақтық ардагерлер кеңестеріне жауаптылыққа бекітілд.і Облыстық ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген Алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: