Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста күзгі егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

04.10.2022, 16:15 407

HALYQLINE.KZ Биыл облыста 188,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдар егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады. Сәйкесінше, егілген егін көлемі өткен жылмен салыстырғанда 451 гектарға артық егілген. Бүгінде 72,0 мың гектар күрішке орақ салынып, оның 65,4 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен 53,5 центнер өнім алынуда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев хабарлады.

– Қазіргі таңда егілген дақылдардан өнім жинап алу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, күздік бидайдан – 10,2 мың тонна, жаздық бидайдан – 4,2 мың тонна, ал егілген 358 гектар қант құмайынан 1,6 мың тонна өнім алынды. Сонымен қатар картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтқанда, картоптан – 3,4 мың гектар, көкөністен – 6,4 мың гектар, бақша дақылдарынан – 8,8 мың гектар жинақталды. Сыр елінің басты «бренді» саналатын күрішке орақ салу 20 тамыздан басталған болатын. Бүгінгі күні 72,0 мың гектар жерге орақ салынып, орылған көлемнің 65,4 мың гектары бастырылды. Сыр салысы елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге де экспортталуда. Биыл 54,8 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 148,6 пайызға артты. Облыста егін жинау жұмыстары 10 қазаннан кешіктірмей толық аяқтау көзделуде, – деді басқарма басшысының орынбасары Қайратбек Әубәкірұлы.

Айта кетейік, биыл 60,0 мың тонна Сыр дәмі әлемнің 20 мемлекетіне эскпортталып, есепті кезеңмен салыстырғанда 157,0 пайызды құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: