Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

НУМЕРОЛОГИЯ: 2023 жылы не болады?

29.12.2022, 11:00 937

Санаулы күндерден кейін жаңа жылды қарсы алып, ескі жылмен қоштасамыз. Яғни, Барыс жылын шығарып, Қоян жылымен қауышатын боламыз. 2023 жыл қандай жаңалық әкеледі? Несімен қуантады? Кімді қуантып, кімді мұңайтады? Осы тұрғыда нумерологтардан пікір алғанды жөн көрдік.

Алдағы 2023 жыл – қоян жылы, оның түсі қара және көк. Мамандар келесі жылы, яғни 2023 жылы туған күні немесе туған жылы  3 санына аяқталған адамдарға ең сәтті жыл болатынын айтады. Сондай-ақ, оларға өзін көрсету үшін мүмкіндіктер есігі ашылатынын айтты. Сонымен қатар, кімнің жылы 4 пен 5-ке аяқталады, оларға ресурсты жыл болады дейді. Себебі олар 2024, 2025 жылдарға  дайындық үстінде болатын  көрінеді.

Қызылордалық астролог және нумеролог маман Нұргүл Лепестің айтуынша,  2023 жылдың 21 күніне дейін барыс жылы жыл атауы болып, одан кейін қара қоян жылы келетін болады.  2023 жылы –  7 деген санмен келеді. Бұл жерде 7 деген сан нумерология бойынша руханилықты білдіреді. Сондай-ақ, 2023 жылы емшілер мен тәуіптер, экстрасенстер көбеюі мүмкін дейді. Сондықтан, келесі жылы рухани әлемнің ашылуы болады. Яғни рухани дегеніміз – адам бойындағы рухтардың оянуы, олардың сана-сезімі, ойлау қабілеті, дамуы деген сөз. Кез келген адамның алдына қойған мақсатына жететін жыл деп айтуға болады. Және көші-қон болатын жыл деп те айтуға саяды. Әр адам өз дарыны арқылы көрініп, дамитын жылдың нақ өзі екенін алға тартады.

2022 жыл өзінің үйлесімділігімен, әдемі нышанымен есте қалса, 2023 жыл, яғни қоян жылы шапшаңдығымен ерекшеленетін көрінеді. Сонымен қатар, адамдар жаңашылдыққа, трендке, заман көшіне ілесіп жүруге ұмтылады. Шаршамай, тоқтамай еңбектенетін жыл болғалы тұр дейді мамандар. Бұдан бөлек, қазақта 7 киелі сан болғандықтан, көп жандардың жолы болады.

Ал астрология бойынша Марс планетасының жылы. Марс планетасын ержүрек жауынгер деп қарастырамыз, дегенмен оның кері белгілері де бар. Олар – соғыс, шабуыл, агрессия. Жалпы, астрологияның бір ерекшелігі – ол жұлдыз-жорамалмен тікелей байланысты. Адамдардың бір апталық немесе бір айлық өміріне болжам жасау үшін жұлдыз-жорамалға сүйенетініміз анық. Ал ол астрологияның соңғы өзгерістері мен жаңалықтарына байланысты.

Сонымен, 2023 жыл еліміз үшін тосын жаңалықтар мен табысқа толы жыл болмақ. Алдағы уақыттары күн райының өзгерістеріне қарамастан, жылдың алғашқы аптасынан-ақ айқын жаңалықтар болады. Ол әркімнің тұрмысына немесе жұмысына да байланысты болуы мүмкін. Нумерологтың айтуынша, алдағы жылы осындай жаңалықтар болады. Жаңалыққа жаны құмар жандар үшін де өзгерістер болуы бек мүмкін. Сол үшін жаңа жылды барынша жаңа эмоциямен, жаңа көңіл күймен қарсы алғанымыз дұрыс. Жаңа жылды жай ғана датаның ауысуы деп қабылдайтындар үшін болашақ өзі елестеткен шеңберден аспайды, сол үшін жақсы  ойлауға  кеңес береміз.

Жалпы, биылғы жылдың болжамы – осы. Ал  жеке өміріңізде қандай өзгерістер болатыны қызықтырса, қолыңыздағы «Халық» газеті апта сайын соңғы бетінде арнайы апталық болжам ұсынып, сіздің жұлдыз-жорамалыңыз қандай болжам жасайтынын жариялайды. Ол үшін басылымның әр санын жібермей қарап, бақылап отырсаңыз, жеткілікті. Ал, қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.

О.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: