Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

НИШ оқушылары неге жаппай далада жүр немесе С.Бейбарыс көшесі неге жабылды?

24.04.2023, 11:45 996

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен қызметкерлері жаппай мектеп аумағынан шығып кетті. Әуелде «төтенше жағдайға байланысты оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан болар» деп ойладық. Осыған орай, Қызылордадағы ең үлкен көшелердің бірі С.Бейбарыс та уақытша жабылды. Көшенің жабылуын Қызылорда облысының полиция департаменті былайша түсіндірді.

«Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында полицияға түскен хабарлама бойынша тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Бейбарыс көшесінің уақытша жабылғандығын хабарлаймыз.

Облысымыздың қонақтары мен тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз», – деді Қызылорда облысының полиция департаменті.

Десе де, полиция департаменті қандай хабарлама екенін нақтыламады.

Дәл осы уақытта (11:53) мектеп аумағын кинологтар иіс сезетін итпен тексеріп жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: