Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметтер қоғамдық орындарда да көрсетілетін болады

13.03.2024, 17:05 237

Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан.

Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын.

Біз облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.
Мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай ақ, Арай ойын -сауық орталығында мамандар қызмет көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: