Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марапат биігінен көрінді

27.06.2023, 15:55 128

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда медициналық жоғары колледжінің құрылғанына 95 жыл толуда. Аталмыш мерейтойға арналған төсбелгімен және алғыс хатпен қабылдау бөлімінің акушері Шукенова Мирамкүл Тохтарбайқызы марапатталды. Ғасырға жуық тарихы бар іргелі оқу орнын бүгінге дейін 40 мыңға жуық маман бітірген. Еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген колледж түлектері бүгінде ел медицинасының дамуына зор үлес қосуда.

Солардың бірі, Қызылорда жоғары медициналық колледжінің түлегі, Шукенова Мирамкүл Тохтарбаевна – 37 жыл еңбек өтілі бар акушер. Шұғыл жағдайда жүкті әйелге, босанушы, босанған әйелге сапалы дер кезінде медициналық сапалы көмек беруді жетік меңгерген маман. 1986 жылы Қызылорда медициналық училищесін бітірген. Оқуды тамамдағаннан кейін Сырдария ауданындағы аурухананың босану бөлімінде акушер қызметін атқарған. 1994 жылы Қалалық перзентхананың патология бөлімінде акушер болып жұмыс істеген. 2008 жылдан осы уақытқа дейін облыстық перинаталдық орталығының қабылдау бөлімінде қызмет атқарады. Медицина саласына қосқан үлесі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірнеше рет марапатына ие болған.

Ана мен бала денсаулығы саласында қажырлы еңбек етіп, абыроймен қазіргі таңға дейін қызмет атқарып отырған әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға береке, бірлік, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: