Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майлытоғайда «Анаға тағзым» аллеясы ашылды

14.10.2022, 10:00 977

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылдық округінде “Анаға тағзым” аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа аллеяның құрылысына Майлытоғай ауылының түлегі, кәсіпкер Тажикова Дүйсенкүл Еркінбайқызы өз қаражаты есебінен қолдау көрсетті.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлы мен мұғалім, педагогика ғылымдарының кандидаты Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызына құттықтау сөз беріліп, отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қорғауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың алатын орны ерекше екенін атап өтті.

Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға «Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам?!» – деп Мұқағали ақын жырлағандай, әр адамның ананың алдындағы парызы бар екені рас. Қазақ халқы ананы құрметтеуге, қадірлеуге үндеген.

Ауылдың орталығында орналасқан «Анаға тағзым» аллеясын аудан әкімі Н.Ахатов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, зиялы қауым өкілдері лентасын қиып, Дүйсенкүл Тажиковаға жүрек жарды лебіздерін білдіріп, сый-сыяпат табыстады.

Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары ән шырқап, мектеп оқушылары ана туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Рәсімнен кейін келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына ауылдың «Асан – Үсен ата» мешітінде ас беріліп, марқұм болған аналардың рухына құран бағышталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: