Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс сайлауы: Қай партия қанша мандат алды?

27.03.2023, 12:10 169

HALYQLINE.KZ Орталық сайлау комиссиясында 2023 жылғы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын белгілеуге арналған отырыс өтіп жатыр,.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, «Байтақ» партиясы бес пайыздық межеден өте алмауына байланысты мандат бөлуге қатыспайды.

ОСК мәліметі бойынша, дауыс беру нәтижелері мынадай:

  • Amanat партиясы – 40 мандат;
  • «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8 мандат;
  • Respublica партиясы – 6 мандат;
  • Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;
  • Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 6 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4 мандат.

Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялаған еді.

Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: