Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс депутаты сәйгүлік мінген ақынға шүйлікті

23.08.2023, 11:35 259

HALYQLINE.KZ

13 тамызда Біржан Қалдыбаев Шолпан-Атада өткен көк-бөрі әлем кубогының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, екі халықтың достығы туралы ән шырқаған. Осыдан соң президент Жапаров Бішкекте ақынға оны сыйлық күтіп тұрғанын айтып, 20 тамызда президенттің іс басқарушысы Қаныбек Тұмонбаев ақынға мемлекет басшысының атынан сәйгүлік сыйлығын тапсырды.

Аталған сыйлық туралы естіген айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай қатты қапа болды. Ол Біржанды ақын деп есептемейтінін, халық алдында кешірім сұрау керектігін айтты.

– Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі, қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе, бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік.

Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді.

Ендігі жерде ҚЫРҒЫЗ БАУЫРЛАР екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз. Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын, – деді айтыскер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: