Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күн райына байланысты бастауыш сынып оқушылары онлайн оқып жатыр

11.01.2023, 10:45 345

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты 55 мектептегі 31 509 бастауыш сынып оқушы сабақты қашықтан оқитын болады.

– Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының шешіміне сәйкес 11.01.2023 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің 0-4-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев.

Айта кетейік, бұл – тек бүгінгі күнге қабылданған шешім. Ары қарайғы оқу форматы қосымша хабарланатын болады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: