Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Крокус» трагедиясы кімге пайдалы?

26.03.2024, 11:30 821

HALYQLINE.KZ

Бүгінде бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеудің «Крокус сити холл» орталығында 22 наурыз күні кешкілік болған лаңкестік әрекет туралы жарыса жазып жатыр. Террористік акт салдарынан 150-дей адам қаза тауып, 115 адам жазым болған. Оның ішінде 5 бала бар дейді. Ресейлік телеарналар бірнеше тәжік азаматын ұстап, бұл лаңкестік әрекеттердің бір ұшын Украинаға теліп қойғысы келетінін байқадық. Қарапайым шаштараз жігіт жеген соққысының көптігінен нені болса да мойнына алуға әзір.

Осы тұрғыдан алғанда саясаткер Леонид Гозманның «Новая газета Европа» басылымында жарияланған пікірінше: «Коркустағы трагедия жауапты кім екендігіне қарамастан Ресей басшылығының кейінгі кездегі мәлімдемелерімен үндесіп жатыр әрі бұл тек соларға ғана тиімді» дегені құлаққа қонады.

Беларусь елінің оппозициялық саясаткері Светлана Тихановская: «Крокус Сити Холл» концерт кешенінде орын алған теракт менің есіме 2000 жылдың басындағы оқиғаларды түсірді, тұрғын үйлердегі жарылыстардан кейінгі сұмдық көріністер, «Норд-Осты» басып алу, Бесланда адамдарды кепілдікке қою… Кейін соғыс бастап кету үшін негізгі себеп болған трагедия… Оларды Шешендермен соғысу үшін Ресей билігі өзі ұйымдастырып еді…», – деп атап өтеді.

Мұндай қатыгездік шешім АҚШ-та да болған. 2001 жылы 11 қыркүйекте болған Нью-Йорктегі егіз мұнараға шабуылды Орталық барлау бюросы ұйымдастырғаны әшкере болып қалған. Ол әдейі мұсылман елдеріне кезекті крест жорығын бастау үшін сылтау болды. Ресей билігі үшін де бұл – «сүйікті» тәсілдердің бірі. «Норд-Ост», Беслан трагедиялары көз алдымызда өтті ғой. Ресей билігі әдетте өзіне тиімді болатын болса кез келген адам шығынынан қашпайды.

«Крокус» трагедиясы Путкинге өте тиімді. Өйткені, қолдан жасалған «украин ізі» ресейліктердің Украинаға қарсы өшпенділігін қоздырып, жаппай мобилизацияға сылтау болады. Әрі бұрынғыдай «специальная военная операция» деп бүркемелемей ашықтан-ашық кең көлемді соғыс жүріп жатқанын мойындайды. НАТО-мен соғысуға дайын екендіктерін үнемі айтып келеді. Соған қарағанда Украинаға қарсы басқыншылық соғыс жаңа кезеңге өтетін сияқты.

Марат Бәйділдаұлы Тоқашбаев,

жазушы-публицист.

Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: