Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коммуналдық саланың көкжиегі кеңеюде

12.10.2022, 22:00 242

Қызылорда қаласында аса қажетті саналатын ауыз су және кәріз желілерін жүргізуге бюджеттен 3,2 млрд теңге бөлінді. Қаралған қаржыға 8 жоба жүзеге асырылуда.

Ауқымды жобаның тағы бірі – «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы. Оның ішінде, «ұңғымалар бұрғылаумен су жинағыш құрылысын салу» жобасы. Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 195 млн теңгеге қуаттылығы 7200 текше метр болатын 7 дана ұңғыма, 3 дана резервуардың құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру арқылы «Бәйтерек» және қосымша Шанхай, КБИ тұрғын аудандарында орналасқан жеке тұрғын үйлерді тұрақты қысымды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі – Ақсуат ауылдық округі. Аталған округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 2.4 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, газдандыру жобасының құны 4.8 млрд теңгені құрайды. 2023 жылы аяқталуы жоспарланған бастамаға 1.9 млрд теңге бөлініп, тұрғындар толықтай көгілдір отынның игілігін көретін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: