Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

17.03.2023, 16:45 343

HALYQLINE.KZ Көк шығып, айнала гүлденетін наурыз айы келгелі Шиелі ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алуда. Кент орталығы қоқыстан тазартылып, бірнеше шаруа қожалық өкілдері мен мекемелер және кәсіпорындар кенттің негізгі көшелеріне көшет егіп, су жүйесін тартуда.

Мұнан бөлек, ауылдық округтерде де көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, ауылда орналасқан мекеме қызметкерлері мекеменің айналасын абаттандырып, бірнеше түрлі көшет егуде. Жалпы бұл жұмыстар алдағы апталарда, жалғасын тауып, Шиелі ауданы бойынша 40 мың тал көшет егіледі деген жоспар бар.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: