Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпбалалы аналарға берілетін 500 үйді туған-туыстарына таратып берді – Сандуғаш Дүйсенова

16.08.2023, 15:30 172

HALYQLINE.KZ

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Orda News You-Tube арнасына сұхбат беріп, Жетісу облысында шенеуніктер көпбалалы аналарға бөлінген 500 үйді туған-туыстарына таратып бергенін хабарлады.

– Маусым айының басында Антикорға арыз жаздым. Оның өзіндік себебі бар. Менде тізім жасалған. Ол тізімде облысты басқарған әкімдер, орынбасарлары, аудан әкімдері бар. Себебі, бұл шенеуніктер қызметке тағайындалғанда мемлекеттен үй алады. Сосын оны қызметінен кеткенде өткізбейді. Мысалы, біреуінде үш пәтер бар. Ал Панфилов аудан басқарған Т.Ө. Алматы облысы әкімінің кеңесші болып жүргенде алған үйін қайтармаған. Одан бөлек, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтарға «Шаңырақ» бағдарламасымен 500 үй бөлінген. Оны шенеуніктер өздері бөліп алған. Өз туыстарына берген, – деді Сандуғаш Дүйсенова.

Журналист айтылған жайды Антикор растайды деп отыр. Осындай былықтарға қатысты құжат жүзінде дәлелдерін арыз түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке табыстаған.

– Бұл бағдарлама бойынша бір бөлмелі үйдің құны 104 миллион теңге тұратынын сол кезде білдім. Құда-жекжат, туған-туыстан бөлек, көңілдестеріне де берген. Менің арызым бойынша, Антикор тексеріс жүргізіп, біразын қамап та үлгерді, – деді журналист.

Былтыр тамыз айында Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлік жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылған еді. Сол уақытта Талдықорған қаласында 1 062 пәтердің заңсыз берілген анықталған болатын.

Айта кетейік, 11 тамыз күні Жетісу облысының Полиция департаменті Сандуғаш Дүйсенованың үстінен «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айып тағып, тергеу барысында қорлап, қолхатпен босатқан еді.  Кеше Жетісу облысының прокуратурасы бұл істің тоқтатылғанын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: