Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көмектесіңдер!» 76 жастағы кейуана құдыққа құлап кеткен

26.07.2023, 12:40 131

Қызылорда облысының Қазалы ауданында құтқарушылар құдыққа құлап кеткен 76 жастағы кейуананы аман алып қалды.

Оқыс оқиға кеше таңертең болған. Аудан орталығында тұратын Людмила Маньшинаның үйінің алдында тереңдігі 4 метр болатын құдық бар екен. Соған насос қойған. Құдыққа түсіп, насосты алып жатқанда ағаш саты сынып, ішіне құлап кеткен.

– «Көмектесіңдер!» деген дауысты естіген көршісі бізге хабарласты. №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, апаны сыртқа шығарып алдық. Денсаулығы қалыпты. Тек тобығы ауырып қалған, – деді Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Серікбол Ізімов.

Назерке Саниязова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: