Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде

08.08.2022, 15:30 777

HALYQLINE.KZ Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімімен тамыз айының 8-12-сі аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлерімен темір жол бойына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен жолаушы азаматтарға, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың, жедел тежегіш қолдану деректерінің, қоғамдық орындарда, оның ішінде жолаушылар поездарында орын болатын  қылмыстардың алдын алу мен жолаушылардың жеке және мүліктік қауіпсіздігінің сақталуы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Теміржол бойында болатын жазатайым оқиғалардың басым бөлігі, азаматтардың теміржол бойының белгіленбеген жері арқылы пойыздардың алдынан кесіп өту салдарынан туындайды.

 Осыған байланысты қала тұрғындарынан теміржол аймағында жүріп-тұру ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуын сұраймыз.

Б.Маханов,

Қызылорда ст. ЖПб ӘПб бастығы

полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: