Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі аң аулау мерзімі қашан?

02.03.2024, 17:30 319

Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида) 9-тармағына сәйкес, аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.

Қағиданың 19-тармағына сәйкес, Ведомствоның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы шешім қабылдайды.

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 15 бұйрығымен облыс аумағындағы жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген аңшылық алқаптарда аталық үйректерді көктемгі аулау мерзімі Жаңақорған, Шиелі аудандарында орналасқан аңшылық шаруашылықтарда 2024 жылғы 5-19 наурыз аралығы, Қызылорда қаласымен Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарында орналасқан аңшылық шаруашылықтарда 9-23 наурыз аралығы, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан аңшылық шаруашылықтарда 20 наурыз бен 3 сәуір аралығы болып белгіленді.

Аң аулау мерзімдері аңшылық шаруашылық субъектілерінің қатысуымен Инспекция басшысының төрағалығымен 2024 жылғы 27 ақпанда өткізілген жиында келісілді.

Аңшылық маусымында аң аулау қағидаларын және өзге де қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау сұралады.

Р.Бурабаев,

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің бөлім басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: