Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көк Тәңірі, Күнге табыну таза далалық ілім дейміз

30.07.2022, 11:00 1435

HALYQLINE.KZ Сонымен Көк Тәңірі, Күнге табыну таза далалық ілім дейміз. Сол даланың дана перзенті Заратуштра аспан денелерін, ғарышты кемеңгерлікпен зерттей келе «Жетіқат» ұғымын туғызды. Ғарыштың жеті белдіктен тұратынын анықтады. Олардың, яғни Жетіқаттың жеті иесі бар. Бұлар: Санжар (Сатурн), Шоңай (Юпитер), Аңырақай (Марс), Шолпан, Болпан (Меркурий), Күн мен Ай. Осы жеті планета жиылып келіп Көк Тәңірі құдіретін құрайды.

Тәңір дінінде жеті санының ерекше қасиеттелуі осыдан. Дүние салған адамның жетісін беру – оның рухын жеті планетаның қамқорлығына тапсыру. Ата-баба рухы үшін немесе қайғы-қазадан соң жеті нан атау – сол жеті аспан денесінен қайырымдылық тілеу. Осы жерде жеті планетаның, Жетіқатқа сену мен оның жаратылысқа, сана мен қанға әсерін терең білудің тағы бір кереметі келіп шығады. Жеті планета – жеті иеден жеті ұрпақ туып, өсіп-өнбей, яғни жеті ата өтпей қан араластырмау кемеңгерлігі туған. Осы ілім, осы сыр біздің жан мен қан тазалығымызды, сол арқылы рух пен сана тазалығымызды мәңгілік сақтап келеді

Алдан Смайыл,

Саяси-әлеуметтік публицистика

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: