Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап – үнсіз мұғалім

13.06.2022, 12:20 446

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян ететін, тарихы мен өткенін жыр ететін – кітап. Қай ғасырда болмасын, кітаптың орны бөлек. Қаншама технологиялар шығып жатыр, бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оның ақылы мен парасатын байыта түсетінін білеміз. Кітап оқу арқылы сөздік қорыңыз көбейіп, ойлау қабілетіңіз артады. Ал, сіз қаншалықты жиі кітап оқисыз және соңғы оқыған шығармаңыз қандай?  

Ал, қазір Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қанша кітап қоры бар екенін биылғы жылға қандай жоспар бар екенін жазып көрелік.

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – ақпарат, білім және мәдениет орталығы. Кітап қоры 418680 дананы құрайды. Кітапхана жылына 32000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді.

Сирек кітаптар топтамасы – қордың ерекше құндылығы. Қорда 582 дана кітап, 11 қолжазба, 26 мерзімді басылым бар. Кітапханада шығыс қолжазбалары, Қазақстан туралы кітаптар, Қазақстанның  алғашқы мерзімді басылымдары сақталған.

Кітапханада Ә.Тәжібаев музейі бар. Музейде Сыр елін, туған жерін өмірінің соңына дейін жырлап өткен ақынның кітаптары, қолжазбалары, құжаттары сақталған. Жыл сайын Ә.Тәжібаевтың  туған күнінде  дәстүрлі Тәжібаев оқулары апталығы өтеді.

Кітапханада қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджанов залы бар. Мұнда жазушының 8,0 мыңға жуық кітабы, құжаттары фотосуреттері және жеке заттары қойылған. Қазіргі таңда Қалтай Мұхамеджановтың мұрасын насихаттау мақсатында әдеби-танымдық кештер, драмалық туындыларға шолу, пьеса көрсетілімі, кітаптарына шолу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жұмыссыз жастарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларды компьтерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында “Шаңырақ интеллект орталығы” жұмыс істейді. Мұнда келушілер үшін тегін компьютерлік курс ұйымдастырылған.

Кітапханада оқу аймағынан  бөлек оқырмандарға  жайлы орта қалыптастыру мақсатында BOOK кофе және коворкинг орталығы қызмет корсетеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық алаңын қалыптастыру мақсатында кітапханада коворинг орталық жұмыс істейді. Ал, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған  АРТ-студия аясында келушілер бейнелеу өнері, домбыра, би, фортепиано үйірмелеріне қатыса алады. Сондай-ақ, кітапханада “Жауқазын ғұмыры”, “Рауан”, “Кездесу” қызығушылық клубтары және  ағылшын, корей  тілдерін үйрету үйірмелері жұмыс істейді.

Сыр өңірінде жасаған байрақты батырларымыздың есімін ерлік мұрасы хронологиялық ретпен онлайн көпшілікке насихаттау мақсатында  Сыр өңірінде шыққан батырлар” жобасы аясында дәріс сабақтар тікелей эфир арқылы ұйымдастырылады.  “Сыр  шаңырақ” youtube каналынан “Балалар әдебі” айдары ашылды. Оқырман балалар кітапханада ұйымдастырылған қызықты шараларды тамашалауға мүмкіндік ала алады. Кітап оқуды насихаттау және оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу челленджі кітап көрмелері дөңгөлек үстелдер поэзия кештері мерекелік кештер облыстық эссе, сурет байқаулары және т.б. көптеген мәдени іс-шара ұйымдастырылуда.

Жаңыл ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: