Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кішкентай қыздың үлкен ерлігі

02.01.2023, 11:00 269

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданы, Аққұм ауылының кішкентай тұрғыны Мерей Бақыт – көзсіз ерлігімен көпке үлгі болған батыр қыз. Ол абайсызда тоқ кернеуінің күшею әсерінен үйінде өрт шыққан сәтте өзінен кейінге үш бауырын терезеден шығарып, тілсіз жаудан аман алып қалған. Содан кейін кішкентай батыр қыз көшеге шығып, адамдардан көмек сұраған. Осы кезде ауыл тұрғындары дер кезінде өртті ауыздықтап үлгерді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте батыр қыз БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

– Мен қазір Аққұм ауылындағы Алдаберген Бисенов атындағы 38 орта мектебінде 2-сыныпта оқимын. Жақында Астана қаласына арнайы шақыртумен барып-қайттым. Сол кезде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев маған төсбелгі табыстап, құттықтады. Өте қуанышты сезімде болдым. Мектептегі ұстаздарым мен сыныптастарым да мені құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Барлық адамдарды емдеп жазып, мықты дәрігер болуды қалаймын, – деді Мерей Бақыт.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: