Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантинге қатысты жаңа қаулы шықты

11.03.2021, 18:00 688

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес банкет залдарына ас беруге ғана рұқсат берілді. Бірақ адам саны 50-ден, залдың толуы 30 пайыздан аспауы қажет.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес келесі өзгерістер енгізілді:🍽

Банкет залдарының жұмысына тек ас беруді өткізуге ғана рұқсат беріліп отыр. Бұл ретте залдың толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына белгіленген талаптарды орындаған жағдайда ғана рұқсат беріліп отыр. Яғни топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге болмайды, ата-аналарды және еріп жүретін адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат жоқ.

Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.

Қаулыда «жасыл» аймақтағы өңірлер үшін компьютерлік клубтар мен боулингтер қызметіне тек «Ashyq» пилотына қатысатын субъектілерге ғана жұмыс жасауға рұқсат етіледі деп көрсетілген. Дегенмен де, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №7 Қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасы тек Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қарағанды қалалары бойынша жүзеге асырылуына байланысты біздің облыста компьютерлік клуб пен боулинг қызметтеріне әзірге тыйым салынған.

– Қазіргі таңда біздің облыс жасыл аймақта. Сол себепті жаңа қаулыда біздің аймақтағы карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Бірақ бірқатар шектеулер әлі де жалғасады. Атап айтқанда, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: