Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәріз станасында екі жұмысшы көз жұмды

15.09.2022, 15:15 359

HALYQLINE.KZ

Қызылордадағы кәріз стансасында екі жұмысшы уланып, қаза тапты. Құтқарушылардың айтуынша, марқұмдар метанға уланып қалған.

Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі уақытта кәріз насос станциясының ішіндегі шайынды суда екі азаматтың денесі қалқып жатқаны туралы хабар келген. Станциядағы лас судың тереңдігі — 3 метр. Ал құтқарушылар мәйіттерді тек бір сағаттан кейін ғана алып шыққан.

Сол мекемеде жұмыс істейтін Серік Оспанов пен Жолдасбек Ерубаевтың қаза тапқаны анықталды. Түнгі сағат 02:00 шамасында бір кісінің денесін алып шықты. Ал екіншісінің денесін 6 минуттан кейін алып шықты, деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Бұл кәріз насос станциясы қалалық әкімдікке қарасты. Жауапты бөлімнің басшысы қазір тергеудің басталғанын айтады. Оның айтуынша, марқұм болған жұмысшылар кешкі уақытта станцияда жұмыс істеп жүрген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: