Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәмелетке толмағандардың оңтайлы жағдайда білім алуы

28.09.2022, 14:15 452

ҚР Президенті 1 қыркүйектегі жолдауында ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратын маңызды мәселе білім беру жүйесіне тоқталып, әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс екендігін, сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатындығын атап көрсетті.


Қызылорда қаласының прокуратурасы Қызылорда қаласы бойынша білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы, оның ішінде мектеп ғимараттарының күрделі құрылыс жұмыстарының толық жүргізілуіне, әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балаларды мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтар және балалардың ыстық тамақпен қамтылу жағдайына талдау жүргізді.


Нәтижесімен кейбір білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етілмей отырғандығы, яғни мемлекеттік стандартқа сәйкес мектептердің тиісті білім беру жөніндегі рұқсаты (лицензиясы), пәндік кабинеттері, зертханалары, спорт залдары жоқ екендігі және кітап қоры мен спорттық инвентарьлардың жетіспеушілігі, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету талапқа сәйкес еместігі анықталды.


Осы ретте қала прокуратурасы заңдылықты бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, балаларға білім беруді мемлекеттік стандартқа сәйкестендіруді және қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету туралы Қызылорда қаласының білім бөліміне ұсыну енгізді, кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: