Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Эпизоотиялық ауруларға қарсы күрес жүріп жатыр

06.04.2021, 16:15 447

HALYQLINE.KZ Аймаққа республикалық бюджет есебінен алты мыңнан астам ветеринариялық препарат кезең-кезеңімен әкелінуде. Бүгінде 4 мыңға жуық дозасы келді. Қазір эпизоотиялық ауруларға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.

Өткен жылы тіркелген жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын-алуға қажетті ветеринариялық дәрі-дәрмектер де бөлініп отыр.

– Былтыр еліміздің кейбір аймақтарында жоғары патогенді құс тұмауы ауруы тіркелуіне байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес облыста да жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда, 67,5 мың үй құсына екпе егу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, биыл бруцеллез ауруына қарсы 125,5 мың бас мүйізді ірі қара, 77,4 мың бас уақ мал диагностикалық тексеруден өтті. Нәтижесінде 9 бас МІҚ, 20 бас уақ малдан ауру анықталды. Барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды. Айта кететін жайт, бруцеллез аурына шалдығып, сойылған малдың иелеріне өтемақы төленеді, – деді Ерсұлтан Амантайұлы.

Брифингте басқарма басшысы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті жұмыстардың жүргізіліп жатқанына да тоқталды. Қазіргі таңда, дерекқор жүйесіне 362,9 мың бас МІҚ, 723,4 мың бас уақ мал, 170,1 мың бас жылқы, 51,9 мың бас түйе, 1,4 мың бас шошқа, 832 бас тақтұяқты тіркелген.

Айта кетейік, әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында 6714 бас қаңғыбас ит пен жабайы мысықтар ауланып жойылды. Облыста эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: