Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық талапты сақтауға шақырды

08.07.2022, 14:35 105

HALYQLINE.KZ 2022 жылы Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді. Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ тұрғындар арасында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті келесі сақтық шараларын ұсынады:

🔹 мал союды ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізу;

🔹 Qurban2022.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру мүмкіндігін пайдалану;

🔹 жабық үй-жайларда, адамдар көп шоғырланатын орындарда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қашықтықты сақтау және бетперде кию, қолды жиі антисептикпен өңдеуге КЕҢЕС беремін;

🔹 қоғамдық тамақтану объектілерінде (тойхана, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мешіттер және т.б.) және салттық іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;

🔹 тез бұзылатын өнімдерді салқын орынжайларда сақтау. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт, салаттар сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аударыңыз, дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;

🔹 кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

🔹 жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау, бірақ егер дайын тағам келесі күнге қалса, онда оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру).

🔹 тұрғын үйді үнемі таза ұстау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа (балғын) өнімдерді пайдалану.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: