Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электр станциясы пайдалануға беріледі

05.03.2021, 15:45 429

HALYQLINE.KZ Биыл Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаватты құрайтын күн электр станциясы пайдалануға беріледі. Ал, 2022 жылы Арал ауданында қуаттылығы 20 мегаватты күн электр станциясын салу жоспарлануда.

– Жалпы мақсатымыз аймағымыздағы күн сәулесі мен желді тиімді пайдалану. Бұл «жасыл экономикаға» көшуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы 100-ден астам шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр станцияларын тұрақты пайдалануда, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Бүгінде Шиелі және Жалағаш ауданындағы күн электр станцияларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: