Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық π күні құрметіне зияткерлік сайыс өтті

16.05.2022, 15:15 547


HALYQLINE.KZ 2022 жылғы 14 наурызда π халықаралық күніне орай Халықаралық білім беру корпорациясы/ХБК, Қазақ Бас сәулет және құрылыс академиясының кампусы/ ҚазБСҚА) құрылыс технологиялары, инфрақұрылымы және менеджменті факультетінің (ҚTИMФ) «Құрылыс және сәулеттегі физика» клубы Алматы қаласы жоғары оқу орындары командалары арасында интеллектуалды шоу-ойынын ұйымдастырды.

Іріктеу кезеңіне қаланың жоғары оқу орындарынан әртүрлі 11 команда қатысты, олар зияткерлік ойын және бәсекелестік ортада осы тұрақтыны қолданып өздері өзірлеген π-мәзірін (тәтті тағамдар), құбылыстар, эксперименттер және гипотезалардың сахналық көріністерін көрсетті.

Онлайн тестілеуде студенттер жоғары нәтиже көрсетті (топ бастаған командалар: «220 вольт» командасы (Логистика және көлік академиясы / ЛжТА), «Аполлон-12» командасы (Халықаралық білім беру корпорациясы / ХБК, ҚазБСҚА кампусы, жалпы құрылыс факультеті /ЖҚФ), «π-фагор» командасы (Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті / ҚазҰҚПУ)).

Соңғы турға командалар көрсеткіштері бойынша шамамен тең нәтижемен келіп, тартыс бұрынғыданда шиеленіс жағдайында жалғасты. Командалар санаттарды таңдау арқылы сұрақтарға кезекпен жауап берді (Санаттар: «Ғылым қаласы», «Процестер мен құбылыстар», «Заңдар мен формулалар», «Ғалымдар», «π күні »).
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасындағы интеллектуалды ойындардың қорытындысы келесі нәтижелермен аяқталды:

1-орын – «220 Вольт» командасы (Логистика және көлік академиясы / ЛжТА), Команда жетекшілері: Ахметова Патам Тургановна, Дьяченко Елена Анатольевна;

2-орын – «π-фагор» командасы (Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті / ҚазҰҚПУ), команда жетекшілері: Тугельбаева Гульназия Тугельбаевна, Абдильда Магжан Акимжанович;

«Мирный атом» командасы (Халықаралық білім беру корпорациясы / ХБК, ҚазБСҚА кампусы, жалпы құрылыс факультеті /ЖҚФ), команда жетекшілері: Аймагамбетова Зауре Туленовна, Кулимова Раиса Юсупбаевна;

3-орын – «Атом» командасы (Алматы энергетика және байланыс университеті / АЭжБУ), команда жетекшісі: Нысанбаева Салтанат Косшибаевна;

«220 Вольт» командасы (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті /КазҰАЗУ), жетекшісі: НуркамытАйман Бектуровна;

«Гранит науки» командасы (Халықаралық білім беру корпорациясы / ХБК, ҚазБСҚА кампусы, құрылыс технологиялары, инфрақұрылымы және менеджменті факультеті /ҚТИжМФ), жетекшілері: Аймагамбетова Зауре Туленовна, Ташимбетова Акдана Турсынхановна.

Байқауға қатысушылар мен қонақтар жарыстан позитивті заряд алды. Қонақтар мен байқау жеңімпаздарын құттықтап қана қоймай, ұйымдастырушыларға да алғыс сөздер айтылды. Жалпы, құрылыс факультетінің (ЖҚФ) және Құрылыс технологиялары, инфрақұрылымы және менеджменті факультетінің (ҚТИжМФ) 1 курс студенттерінің бастамасы мен шығармашылығын атап өту керек, олар ортақ іске ұжымдық және жауапкершілікпен қарап, байқауды ұйымдастырушылар ҚТИжМФ ассоц. профессорлары З.Т.Аймағамбетова мен А.Т.Ташимбетова және проф. ассистенті Р.Ю.Кулимовалар іс-шараның барлық қыр-сырын ескеріп, интеллект мерекесін ұйымдастыра білді.

Аймагамбетова З.Т.,

Ташимбетова А.Т.,

Кулимова Р.Ю.,

Халықаралық білім беру корпорациясының ассоц.профессорлары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: