Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымдарға арналған жаңа сыйлықтар тізімі жарияланды

07.04.2023, 13:40 170

HALYQLINE.KZ Ашық НҚА порталында Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» бұйрығының жобасы жарияланды.Қазақстанда үздік ғылыми зерттеумен айналысқан ғалымдарға ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру көзделіп отыр.

Ғылым саласынағы сыйлықтар тізімі:

Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлық – жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеу үшiн;

Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеу үшiн;

Александр Бараев атындағы сыйлық (үшеу) – аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмыс үшiн;

Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлық – педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмыс үшiн;

Күлтегін атындағы сыйлық – түркология саласындағы аса зор жетістіктер үшін;

Жас ғалымдарға арналған Дінмұхамед Қонаев атындағы сыйлық – жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыс үшiн;

Жас ғалымдарға арналған Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыс үшiн беріледі. Бір адам ғылым саласындағы сыйлықты екі рет алуы үшін арада кемі 5 жыл мерзім өтуі тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: