Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Газ бағасына түсіндірме берілді

16.08.2022, 10:00 347

HALYQLINE.KZ Кеше облыстағы табиғи газ бағасының негізділігін түсіндіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалағымен ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі А.Хасеновтың және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиынға «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова, Қызылорда облысының мемлекет және қоғам қайраткерлері И.Абибуллаев және Қ.Баймаханов, облыстық прокуратура өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және аумақтық және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Аталмыш шарада министрлік тарапынан газдың тұтыну көлемдері, жеткізілу көздері және бағаны қалыптастыру жүйесі туралы ақпараттар берілді.

Мәжіліс барысында зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері мұнай кеніштерін электр энергиясымен жабдықтаушы Кристал Менеджмент компаниясының газ тұтыну көлемдерін қайта қарау, Ақшабұлақ газ құбырын облыс тұрғындарының қажеттілігіне толықтай бағыттау арқылы газ бағасын төмендету бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара қорытындысымен министрлік өкілдері өз тарапынан айтылған ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігі, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірге толықтай зерделеп, тиісті талдау жасайтынын мәлімдеді. Айта кету керек, мәселе облыс әкімінің тікелей назарында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: