Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз өмір ғажайып

03.11.2022, 19:46 556

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Мен әлі ақжүрек баламын. «Есірткі» деген дүниені ұстап та, өз көзіммен көрген де емеспін. Тек ата-анамның, ұстаздарымның айтуымен оның зиян дүние екенін жақсы түсіндім. Отбасымның «Ұят болады», «Жаман нәрсе», «Зиянды әдетке жолама» деген сөздері ойымда қалып қойған. Сол үшін де есті кетіріп, ессіз әлемге жетелейтін зиянды дүние «есірткі» дегенді құптамаймын. Өйткені, ақылшы жандарым солай деп үйреткен.Оған қоса, кино қарап, кітап оқығанды ұнатамын. Осы бір шығармашылық әлемде де есіркіге бой алдырған кейіпкерлердің оңғанын көрмедім. Керсінше жапа шегіп, түрлі ауыру мен қиындықтардың шынжырына байланып жатқанын аңғарамын. Жазықсыз жандардың құрдымға батып бара жатқанын кинолардан көріп, әлемде есірткі атаулы жоғалып кетсе екен деп тіледім.Береді саған шыңды Алла,Тек спорттан құр қалма.Есің болса, достарым,Есірткіге шырмалма!Иә, есірткісіз де өмір ғажайып. Қазір бауын тапса да байлауын таппаған дүние көп. Ол соның бірі. Ал, мен өлеңімде айтқандай, спортқа ерекше қызығамын. Себебі, ол осы есірткі дегенге жүз пайыз қарсы әлем деп білемін. Достарымды да салауатты өмірге шақырып, жаман ағалардың, жаман әдетіне жоламауға шақырамын.Ел қорғаған ағалар біз секілді балаларды ерекше қорғайды деп сенемін. Біздің қорғанымыз Ұлы Отан. Біз жас балғын балалар туған жеріміздің мығым боларына, Жаңа Қазақстанымыздың жасампаз жолына кәміл үміт артамыз. Ол әлемімізде есіркті де болмайды деп ойлаймын.

Нұрымбек Абайұлы СайлауовҰзақбай Қараманов атындағы№262 мектеп-гимназиясының7 «Ә» сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: