Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз өмір ғажайып!

02.11.2022, 10:45 559

        Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған  байқауға

ХХІ ғасыр, еліміз талай қиындықтарды еңсеріп, бейбіт заманда өмір сүруде.Алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуда халықтың саны негізгі рөл атқарады, сондықтан  мемлекеттің негізгі байлығы әрине ол – адам.Адам баласының ұзақ ғұмыр кешуі оның денінің  саулығына  байланысты.Бүгінде назарда тұрған ең өзекті мәселе – адамның денсаулығы.

Алайда қазіргі таңда соғыссыз, ашық аспан астында ата – баба армандап кеткен күнде , алдыңғы толқын аға – буынның ізін жалғап еліне еңбек етудің орнына кейбір  қандастарымыз тура жолдан тайып, от басып жатыр. Бостандықта өмір сүру бақытын білмей, теріс жолға қарай бет бұрады.

Иә, ертелі мақтанышпен  «ХХІ ғасырдамыз, дамыған елміз, бақыттымыз»  деп айтып отырған қоғамымыздың да айтар уәжі бар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші бүгінгі жас ұрпақ талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса, сол жаққа қарай бейімделеді. Еліктеушілік, досқа деген сенім, бір сәт бәрін ұмытып естен айырылуға себеп болатын аузын арандай ашқан аждаһадай жер бетіне бар кеселін төгіп жатқан – есірткі.Есірткі  адам организміндегі жұқпалы аурулардан, қатерлі ісіктерден қорғайтын иммундық жүйені зақымдайды.  Иә, есірткі тірі организмге тез әсер беріп, бүкіл жан – дүниесін улап, қайғы – қасіреттен арылтады дейді  мыс.Бірақ қайғы – қасіреттен арылтады ма, жоқ әлде қайғы – қасіретті үсті – үстіне көбейте ма?Міне осыны ойлауымыз керек?Сана – сезімізді улап, құмарлық жетегінде кетіп, есірткісіз өмір сүре алмайтындай бейшара халге түспеудің амалын жасау өр тұлғалы батыр ата – бабаның  ұрпағы екендігімізді дәлелдейді.

Тарих беттерін парақтасам, елімізде бүгінгі таңда ғана көбейіп етек жайып бара жатқан, есірткіге неге сонша жастарымыз  әуес. Иә, көбіне – көп жас достарымыз  күллі әлемге уын шашқан есірткіге неге құмар? Осы сұраққа тұшымды жауап неге жоқ?

Есірткінің жетегінде кетіп , бар әлемді ұмытып тек көзі сол нәрсені ғана көріп әбден уланған адам қатарында жүрген жандарды, мен қоғамға жат деп білемін.Осылай айтуымның себебі де бар…есірткі қолданып есіргендерден бәрі-бәрі отбасы, ағайын – туыс, тіпті жоғарыдағы сөзіме дәлел қоғамда теріс айналып, жат қылады.Бұл еліміз жас буынға тоқтау салмай қарап отыр деген сөз емес, сол – себепті де осы жолда талай жұмыстар жасалынып, республиканың әр өңірінен орталықтар ашылып қандастарымыздың өмірін сақтауда жұмыс жасап жатыр. Сондай – ақ есірткіні  қоғамда сауда – саттық ретінде де пайдаланып, мол олжаға кенеліп отырған  қандастарымызда жоқ емес, десекте осындай теріс жолмен кәсібін дөңгелетіп отырған  пенделер қанша күш – жігермен,қиыншылық жолмен ата – бабалар алып берген тәуелсіз елімізді жойып жіберу жолында жұмыс жасап отырғандарын түсінеді ма екен? Сондықтан  осы жолда аянбай еңбек етіп, күні – түні ел тыныштығын күзетіп ,өз жұмысын Отан алдындағы міндетім деп білетін полияция қызметкерлерінің де еңбектерін айтпай кетуге болмайды.Талай қылмыстардың басын ашып, есірткінің бұдан да кең етек жаюына тосқауыл болып тұрғанда осы полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбек етуінің арқасы.

Есірткі туралы халық арасында дерек аз емес, десекте атын естісе қорқатын, тұрмыс жағдайында жұқтырып аламын ба деп үрейленетін кей отандастарыма айтарым бұлай қорқу негізсіз. Бұл жағдайға шалдыққан адаммен күнделікті қатынас жасау қауіпсіз.Кімнің басынан не өтпейтін заман, егер есірткі пайдаланып  тура жолдан тайған жандарға кезіксеңіз теріс қарамай, түсіністікпен қарап ақыл айту қажет деген ойдамын.

Осындай өркендеген заманда, есірткі кесірінен от басқан кей жандарды естіп – білсем,  бірде аянышты көзбен қараймын, ал енді бірде ашумен, ызалы көзбен қараймын. Тек санамда «неге?, неге?» деген жауабы белгісіз сұрақ тұрады.

Шіркін, қолымнан келсе қаншама жойқын соғыспен келген  елімізді – жерімізді кейінгі буынға аманат етіп қалдырған бабалар мұрасына  балта шауып, уын шашып келе жатқан ғасыр індетін жоқ қылар едім…

 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізіп, алдын алып, кейінгі буынға залал келтірмейтіндей жұмыс жасау бүгінгінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының қолында. Азғантай ғана Алла берген ғұмырымызда қасіретке бой алдырмай , көк туымызды төмендетпей, біріге көкке көтерейік.

Есіріп есірткі пайдаланатын емес, елім деп еміренетін адал ұрпақ көбейе берсін.Тәңір сыйын, есірткіге айырбастамайық.

Есірткісіз ғажайып өмірдің дәм – тұзын қашырмайық, жас дос!

Тоғжан АЗИЗОВА,

                                           Қызылорда қаласы,

Н.Ахмадеева атындағы № 112 орта мектеп

@upndpkzo

#есірткігеқарсыбайқауы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: