Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Еркін ел ұрпағы» патриоттық диктант жазу жұмысы өтті

04.05.2023, 17:30 344

HALYQLINE.KZ 2023 жылғы 4 мамырда Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен бір мезгілде республика бойынша «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант ұйымдастырылды.

Диктант жұмысының мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және диктант мәтіні арқылы елжандылықты қалыптастыру.

Диктанттың мәтіні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан дайындалды. Аталған шараға облыстық басқарма қызметкерлері де атсалысып, диктант жұмысына қатысты. Шараға қатысушыларды Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов алда келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, диктант жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: