Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбеккерлердің еңбегі ерен

18.11.2022, 9:40 273

 HALYQLINE.KZ Облыста жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының өнімі 100,1 пайызға өскен. Бұл өңірдегі су тапшылығына қарамастан Сыр диқандарының үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Жалпы биыл 78,6 мың гектар жерге Сыр салысы егілсе, бүгінде оның әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алынды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева хабарлады.

– Облыстың агроөнеркәсіп саласында тынымсыз еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласының өркендеп өсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі әрдайым құрметке лайықты. Жыл сайын ел қамбасына астық молынан құйылып, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғаюда. Биыл аймақтағы су тапшылығына байланысты күрделі жағдайға қарамастан облыс диқандары 188,5 мың гектар жерге егін екті. Алайда, өткен жылмен салыстырғанда күріш алқабы 5 мың гектарға қысқартылып, бақша дақылдарының көлемі 7,3 мың гектарға ұлғайтылды. Жалпы егін жинау науқанының корытындысы бойынша күздік бидай дақылынан – 10,2 мың тонна, жаздық бидайдан – 4,2 мың тонна, көкөніс және бақша дақылдарынан – 420 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Жақында өткен «Алтын дән – 2022» мерекелік шарасында қамбаны қызылға толтырып, мол астық жинауда қажырлы еңбек еткен 67 озат құрмет төрінен көрінді. Бүгінгі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен сала мамандарын құттықтаймын!, – деді басқарма басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: