Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде жол құрылысын дамытуға студенттер де атсалыспақ

22.11.2022, 9:45 515

ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағынов Назарбаев Университетінің «Құрылыс және экологиялық инженерия» факультетінің 3-4-курс студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты – автожол мамандығын насихаттау, орталықтың еліміздегі филиалдарында өндірістік ақылы практикаға үздік студенттерді тарту және оларды автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Кездесу барысында З.Сағынов кәсіпорнның жұмысы жайлы және сұранысқа ие мамандар туралы мол мағлұмат берді. Сондай-ақ, орталық құрылымында жас мамандардың жұмысқа орналасуына, мансаптық өсуіне мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтті. Студенттер білікті жолшымен автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мәселен, бүгінде ұлттық сапа орталығы Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстарын қолға алуда. Яғни, бұл жоба болашақта жүзеге асса еліміздің автожолдарын жақсаруына септігін тигізеді.

Жол тақырыбы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар Зәмір Садықұлына көптеген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Әсіресе, жас мамандар Ұлттық сапа орталығында ақылы өндірістік практикадан өтуге қызықты (ай сайын +80 мың тг.) және өз білім-біліктілігін көрсеткен жағдайда жұмысқа орналасуына толық мүмкіндік бар (ЖАҰСО-дағы жас маманның айлығы +400 мың тг. басталады). Қазіргі таңда орталық цифрлық технологияларға бет бұрып, мамандар толықтай автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Назарбаев Унивесритетінің «Құрылыс және экологиялық инженерия» факультетінің студенттері келешекте ел жолдарының дамуына өз үлестерін қосуға ниетті.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігіне қарасты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2019 жылы құрылды. Кәсіпорынның еліміздің 17 аймағында филиалы бар. Негізгі қызметі – жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстаудағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, және жолдарды диагностикалау, аспаптық тексеру. ЖАҰСО инспекторлары қызмет еткен жылдары Қазақстан Республикасының жолдарына 44 000-нан астам рет тексеріс жүргізді. 2022 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 16,9 мың км жолдарға диагностика жүргізді.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: