Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде белсінділерді ұстау жалғасып жатыр

14.04.2023, 11:08 213

9 сәуірде Алматыда бір топ саясаткер мен белсенді азаматтар 19 наурыздағы парламент сайлауын әділетсіз деп танып, митингі өткізгені белгілі. Бұл митингіге билік рұқсат етпеген.

Рысбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Тайжан, Лұқпан Ахмедияровтар мәжіліс сайлауына тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан. ОСК жария еткен нәтижеге сай, олар мәжіліске өте алмаған. Тәуелсіз кандидаттар дауыс санау кезінде заң бұзылғанын айтып, сайлау нәтижесін мойындамаған еді. Өзін-өзі депутаттыққа кандидат етіп ұсынған кейбір адамдар «Халық парламенті» тобын құрған.

Қазақстан билігі дауыс беру және дауыс санау кезінде заң бұзу болғанын мойындағанымен, бұл фактілер қорытынды нәтижеге әсер етпеді деген. ОСК жариялаған ресми нәтиже бойынша, мәжілістегі басым орынды биліктегі «Аманат» партиясы иеленген.

Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат алуы керек. Билік белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бере бермейді. Ал рұқсат етілмеген бейбіт митингіге қатысқандар жиі жазаланады.

Бұған дейін жоғарыда аталған митингіге қатысып, сөз сөйлеген Нұржан Әлтаев, Мұхтар Тайжан, Әлнұр Ілияшев, Лұқпан Ахмедияровтар 15 тәулікке қамалған еді.

Кеше Алматы соты оппозициялық саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын «рұқсатсыз митингі» ұйымдастырды деп айып тағып, 35 АЕК-пен яғни 127 мың теңге айыппұл салды.

Аслбек Қараевты полиция қызметкерлері қолында сот қаулысы болмаса да, қамауға күштеп алып кетті.

Ғалымбек Нұрпейісов, қорғаушы:

– Асылбек 9 сәуірде митингіге қатысқан деп хаттама толтырылды. Заң бұзғанын айтып, 15 тәулікке қамауға алды. Қолыма сот қаулысын берген жоқ. Мен бұл сотпен куеліспеймін, алдын ала ексертілген жоқ.

Асылбек Қараев, белсенді:

– Судья Қасымова деген кісі болды. Заңсыз митингіге қатыстың дейді. Протокол толтырған полиция қызметкерінің бірі сол күні алаңда болған. Оны да қамау керек еді. Мен алаңға өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып бардым. Қылмыстық мемлекетте тұрғасын мұндай жағдайлар (соттау, қорқытып-үркіту) болып тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: