Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дүниежүзілік философия күнінде конкурс жеңімпаздары марапатталды

18.11.2022, 15:10 241

2002 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік ұйымы жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде Философия күнін өткізу туралы жариялады. Бұл күн әлемнің ЮНЕСКО-ға мүше 80-нен астам елдерінде атап өтіледі. Қызылорда университетінің «Экономика және құқық» институтының «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2011 жылдан бастап дәстүрлі түрде Дүниежүзілік философия күнін атап өтіп келеді.

Осы себепті философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы студенттер арасында «Қорқыт ата университеті-бұл менің таңдауым» атты философиялық эссе жазу бойынша конкурс жариялаған болатын. Іс-шарағы оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері қатысты.

Кештің модераторы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы болды. Шараның алғашқы сөзін экономика және құқық институтының директоры Н.Құлмырзаев алды. Директор қазіргі қоғамдағы философияның рөліне тоқталды.

Шара барысында университеттің «Түлектер қауымдастығы» жетекшісі Г.Дүзелбаева мерекенің маңыздылығына мән беріп, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында қызмет ететін түлектеріне қатысты ақпарат беріп, студенттерге құттықтау сөзін арнап, қауымдастық атынан ұжымға сыйлық жасады

Іс-шара барысында ғылыми кітапхананың қызметкері Ж.Бисенова Абай жаңа түскен кітаптармен таныстырды. Кафедра аға оқытушысы М.Сыздықова студенттерден алынған әлеуметтік сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, кафедра доценті Е.Абенов, аға оқытушы Б.Апенов философияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

Шара соңында философиялық эссе конкурсының жеңімпаздарын институт директоры Н.С. Құлмырзаев марапаттады. Кафедра доценті Г.К.Кулбашева шарада қорытынды сөз сөйледі.

Философия пәнін кеңінен насихаттауға бағытталған мазмұнды, тыңдаған қауымға берері бар мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта университет аясында өз жалғасын таба беруі керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: