Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дөңгелек үстел форматында жиын өтті

13.07.2022, 9:30 486

HALYQLINE.KZ Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық «Қызылорда – Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Семей ядролық сынақ полигоны ерекше тәуекел етулер бөлімінің заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Дүйсенбаев Ержан Барибекұлы, осы бірлестіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің төрағасы Құсаинов Қайырбек Қамбарұлы арнайы қатысты.

Дөңгелек үстелге қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов модераторлық етті. Қуаныш Қуантқанұлы өз сөзінде Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген ардагерлеріміз бүгінде түрлі салада қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келетінін атап өтті.

Қонақтар өз кезегінде Бірлестік тарапынан республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Қызылорда – Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, ардагерлер Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жою, әскери қызметте болған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша кешенді жұмыстар атқару жоспарланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: