Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дипломдық жұмыстар қалай қорғалады?

22.04.2020, 10:50 1280

Төтенше жағдайға байланысты елдегі жалпы орта мектептер мен гимназия, лицейлердің бітіруші түлектері үшін соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтпейтінін бұған дейін айтқан болатынбыз. Айта кетейік, биыл 604 345 студент емтихан тапсырады, оның 142 435-і қорытынды аттестаттауға кіріседі. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап азаматтық ЖОО қашықтан оқытуға көшті. Дәрістер мен семинарлар MS Teams, Meet by Google Hangouts, Zoom және басқа да сервистердің көмегімен онлайн режимінде өткізілуде. Ал студенттердің тапсырмалары Canvas, Moodle, Univer және Platonus платформаларында орындалуда. Ендігі сауалдың төңірегі орта және жоғары оқу орындарының бітіруші студенттеріне қатысты. Яғни, бұған дейінгі тұрақты және қалыпты деңгейде өткізіліп жүрген қорытынды емтихан, дипломдық жұмысты қорғау мәселесі қалай болатыны көпшілікті ойландырып жүр. Мұның да шешімі табылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Оның алгоритмі заңнама талаптарына, БҒМ-нің қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бұйрығына (2020 жылғы 1 сәуірдегі №123), сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның ұсыныстарына негізделген.

Кеше ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасындағы тікелей эфирде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жоғары оқу орындарының ректорларымен бірге қашықтан білім беру жағдайында емтихандар мен дипломдық жұмыстарды қорғау қалай өтетінін түсіндірді. Вице-министр емтихандарға қатысты студенттерді екі санатқа бөлу қажет екенін айтты, олар – 1, 2, 3-курс студенттері және биыл оқуын тәмамдайтын түлектер.

Студенттердің бірінші санатына қатысты қиындық жоқ, олар сессияларын тапсырады. Оның 3 жолы ұсынылуда:

1. Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;

2. Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;

3. «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды.

Нақты шешімді әрбір ЖОО академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды.

Бүгінгі күні студенттердің қашықтан оқыту форматында орындаған жұмыстарына 1,15 млн. баға қойылғанын атап өткен жөн.

Студенттердің екінші санаты – соңғы курс студенттері.

 – Егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалады. Айта кетерлігі, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын, яғни негізгі жұмыс атқарылды.

Кешенді емтиханға келетін болсақ, мұнда әрбір ЖОО үш нұсқаның бірін қолданады:

1. Кешенді емтиханды қашықтан тапсыру форматында өткізу;

2. Жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою;

3. Кешенді емтиханды кешірек мерзімге ауыстыру (жазға немесе күзге).

Осылайша, ЖОО министрлік тарапынан рұқсат алмай-ақ, жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою арқылы кешенді емтихандарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады, – деді.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды, соған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар заңнамаға толық сәйкес келеді.

 – Бүгін біз емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғау алгоритмін талқыладық. МЖМБС-на сәйкес, ЖОО-ы емтихан өткізу түрлерін өз бетінше анықтайды. Дегенмен, қашықтан оқыту жағдайында Министрлік тарапынан әдіснамалық қолдау көрсету қажеттілігі туындайды. Ол үшін біз барлық жоғары оқу орындарымен алдын ала талқыланған алгоритмді әзірледік», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: