Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Депутаттардың ішінде профессионал әртісі менмін»

24.12.2022, 11:00 362

Бір жылдары мәжіліс депутаты болған марқұм Құдайберген Сұлтанбаев парламент қабырғасында кездесу өткізген президентпен жолығып қалады. Оны депутаттардың арасынан байқап қалған президент, қасына шақырып алып, Құдекеңнен былай деп сұрапты:

– Еее, Құдайберген, қалай жағдайың?

– Шүкір, шүкір жақсы…

– Парламентте өзіңнен басқа қанша әртіс барсыңдар?

– 130-дай әртіс бар-ау … (Ол кезде депутат саны 130).

– А?

– Парламентте, Нұреке, 130 әртіс бармыз, ішіндегі профессионалы менмін!, – дегенде, президенттің ішек-сілесі қатып, әбден күліпті…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: